Текст
Сынып сағаты
15.09.2026
Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында 11 «Б» сыныбында көрнекті ұстаз әрі ақын — Ермек Қаратайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған сынып сағаты өтті.
🇰🇿 Ермек Қаратайұлы — еңбек сіңірген ұстаз, ақын, Бұланды ауданының құрметті азаматы, өмірінің көп жылдарын білім беруге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және туған өлкесіне қызмет етуге арнаған тұлға.
Сынып сағаты барысында оқушылар Ермек Қаратайұлының өмір жолы мен еңбек жолымен танысып, оның көпжылдық педагогикалық қызметі, мектеп басшысы ретіндегі жұмысы, сондай-ақ шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат алды. «Жыр десте», «Сағыныш», «Білгенге маржан», «Жан шуақ» атты өлең жинақтарына ерекше назар аударылды.
💬 Оқушылар ана тілінің маңызын, мәдени мұраны сақтаудың және Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың маңыздылығын талқылады. Нағыз ұстаз өзінен кейін тек білім ғана емес, шәкірттерінің жүрегінде ізгі із қалдыратыны туралы сөз қозғалды.Просмотров: 3