Текст
Кітап көрмесі
01.10.2026
Заң және қоғам — өз құқықтарымызды білеміз!
Мектеп кітапханасында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған «Заң және қоғам» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде оқушылардың құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, бала құқықтары, тіл саясаты және құқық негіздері туралы ақпараттық материалдар ұсынылған.
Оқушылар ақпараттық материалдармен танысып, өз құқықтарын білу және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын талқылады.
Заңды білу — өз құқықтарыңды қорғай білу және өзгенің құқықтарын құрметтеу!Просмотров: 5